Пойыз билеттерінің бағасы арзандауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пойыз билеттерінің бағасы арзандауы мүмкін

19.12.2019

Теміржол арқылы жолаушы тасымалдау үшін мемлекет тарапынан берілетін субсидия алу жолы жеңілдетілмек. Парламент Сенатында осындай заң жобасы қаралды. Сондай-ақ, субсидия есебінен төмен бағада қызмет көрсететін жолаушылар тасымалындағы жеке локомативтік тартым операторы құрылмақ. Жаңа талаптар субъсидиялаудың ашықтығын арттыруды да көздейді. Заң жобасы комитет отырысында депутаттардан қолдау тауып, сенаттың жалпы отырысында талқыға салынатын болды.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу