Алматыда 249 азамат баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 249 азамат баспаналы болды

18.12.2019

Алматы әкімі Тәуелсіздік мерекесінде «Алматы жастары» бағдарламасы аясында 249 азаматқа пәтер кілттерін табыс етті.

Қала басшысының сөзінше, бұл жоба Елбасының тапсырмасына сәйкес іске асқан. Бағдарлама талаптарына сай 29 жасқа толмаған, мегаполисте тіркелгеніне кемінде екі жыл болған, бірақ баспанасы жоқ, ай сайынғы табысы 101 мың теңгеден кем болмайтын жастар пәтер алды. Білім беру, медицина, төтенше жағдайлар қызметі және құқық қорғау саласында жұмыс істейтін мамандар үйді 5 жылға дейін жалға алып отыр. Мәселен, олар 1 бөлмелі пәтер үшін ай сайын не бәрі 4380 теңге төлейді.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу