Ақордада ауыс-түйіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақордада ауыс-түйіс

18.12.2019

Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Қалетаев Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Бұл лауазымға Мәулен Әшімбаев келді. Бұған дейін Энергетика министрі болған Қанат Бозымбаев та жаңа қызметке ауысты. Ол енді – Президенттің көмекшісі. Мәдина Әбілқасымова Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметінен босатылып, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Ал Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның Ресейдегі елшілігінен кетті. Иманғали Нұрғалиұлы мемлекеттік қызметтегі сан жылдық еңбегінен кейін зейнетке кетті. 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу