Францияның танымал журналына Қазақстан туралы мақала жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияның танымал журналына Қазақстан туралы мақала жарияланды

13.12.2019

Францияның танымал «Лесонсель Интернасональ» журналына Қазақстан туралы көлемді мақала шықты. 90 мың данамен тарайтын басылым Елисей сарайына, премьер-министр канцеляриясына, дипломатиялық кеңселерге тарайды. Сондай-ақ Францияның үш қаласының 300-ге жуық дүңгіршегінде сатылады. Мақалада Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту жөніндегі батыл қадамдары, ұлттар татулығы туралы жазылған. Сондай-ақ мақала аясында Президенттен және Қазақстанның сыртқы істер министрінен сұхбат алынған. Бұдан өзге, Ұлы даланың жеті қыры, рухани құндылықтарды насихаттау жөніндегі бастамалары аталған. Айта кетейік, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы Париждің Азиядағы нөмірі бірінші сауда серіктесі. Екіжақты сауда айналымы былтыр 3,3 миллиард еуроға жеткен.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу