Татарстанда 2 мыңнан астам қандасымыз тұрып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Татарстанда 2 мыңнан астам қандасымыз тұрып жатыр

12.12.2019

Осы елге сапары барысында Сенат спикерінің орынбасары Асқар Шәкіров бастаған делегация қазақ диаспорасымен кездесті. Қазақстанның қазіргі саяси және экономикалық жағдайына тоқталып, жаһандық бастамаларымен таныстырды. Сондай-ақ, келер жылы Абайдың175 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды. Диаспора бұл елде үлкен беделге ие. Достық үйі Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көшеде орналасқан. Жат жерде жүрсе де, өз тілін, ділін ұмытпаған қандастар ел жетістіктеріне марқайып жүретіндігін жеткізді. Сонымен қатар, шекарадан кезексіз өту, сапалы медициналық көмек алу сынды өздерін алаңдатқан мәселелерді көтерді.

Индира БЕГАЙДАР 

Хабарламаларға жазылу