Білім беру саласындағы олқылықтар толық ретке келтірілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім беру саласындағы олқылықтар толық ретке келтірілмек

11.12.2019

Орта білім берудегі олқылықтар жуық арада толық түзеледі. Бүгін Парламент Сенатында өткен дөңгелек үстелде осы мәселе көтерілді. Жүргізілген реформа өте асығыс жасалған. 4 жылдың ішінде елдегі мектептер толығымен халықаралық стандарттарға сай жаңа бағдарламаға өтті. Ал мұндай өзгертулер енгізу заман талабы. Соның салдарынан оқулықтарда, бағдарламада көптеген қателіктер кеткендігін сенат депутаттары айтты. Енді арнайы бағдарлама құрылып, ұстаздар, ата-аналар мен оқушылардың сын ескертпелері ескеріле отырып, барлығы ретке келтірілмек.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу