Чилиде бортында 38 адамы бар әскери ұшақ жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чилиде бортында 38 адамы бар әскери ұшақ жоғалып кетті

10.12.2019

Чилиде 38 адамымен бірге жоғалып кеткен әскери ұшақ Антарктидаға бара жатқанда құласа керек. Өйткені, оның отыны бітіп, автономдық қызмет ету мүмкіндігі таусылған. Мұны бүгін осы елдің әуе күштері хабарлады.

Борттағы адамдардың 17-сі – экипаж мүшелері, 21-і – жолаушылар. Ел үкіметінің мәлімдеуінше, «Геркулес» ұшағын іздеу-құтқару операциялары бірер сағат бұрын басталды. Оқиғаға не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу