Қарағандыда «Жастар жылы» салтанатты түрде қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда «Жастар жылы» салтанатты түрде қорытындыланды

09.12.2019

Қарағанды облысында жастар саясаты үшін бөлінген биылғы қаражат жылдағыдан екі есе көп. Бұл қыруар шаруаны тындыруға серпін берді. Сондай-ақ өңірдегі жастардың кәсіпкерлікке ынтасы артқан. Өз ісін дөңгелетсем деген азаматтар мемлекеттік бағдарламалардың да жемісін көруде.

Биыл облыста жастар жылына орай 20 мыңнан астам азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. 482 жас маман аудандарға жіберілді. Бір мың адам өз кәсібін ашып, бірқатарына қайтарымсыз грант берілді. Мәселен, Нұра ауданында тұратын 19 жасқа кәсіпкерлік үшін гранттар табысталды. Соның арқасында бұрын-соңды болмаған бизнес нысандар пайда болды.

Өңірде биыл жастар саясатына бөлінген қаражат 878 миллон теңгеге жетті. Бұл жылдағыдан екі есе көп. Жоғары оқу орындары мен колледж студенттері үшін 4 жатақхананың құрылысы басталды. Абай, Қарқаралы аудандарында дене шынықтыру және сауықтыру кешендері салынды.

 «Жол картасына» енгізілетін бағыттың бірі — баспана. Биыл облыста 420 мың шаршы метр тұрғын үй салынса, келер жылы облыс орталығында құрылыс көлемі 2 есеге, ал қала мен аудандарда 1,5 есеге көбеймек. Яғни, талай жас отбасы баспаналы болмақ.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу