Алаш Орда автономиясының мемлекеттік идеясы қай заманда да өзекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаш Орда автономиясының мемлекеттік идеясы қай заманда да өзекті

08.12.2019

Түркістан автономиясы жарияланғаннан кейін екі апта өтпей, 1917 жылы желтоқсаның 5 –і мен 13-і күні Орынборда Екінші жалпықазақ съезі өтіп, «Алаш» автономиясын жариялау туралы қаулы қабылданды.

Әлихан Бөкейхан бастаған қазақ оқығандары «Руссия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын... және бұл бүлікшілік біздің қазақ-қырғыздың басына келуін мүмкін деп ойлап» съезд «қазақ-қырғыз билігін қолына алатынын» жариялады. Тарихшылар сол кездегі қазақ оқығандары саяси жағдайға байланысты мүмкіндігі жеткенінше қазақ халқының мемлекеттілігін қалпына келтіруге тырысты, келісіп әрекет жасауға, қазақ халқын біріктіруге және аласапыран кезеңде сақтап қалуға тырысты деп тұжырымдайды.

20 ғасырдың алғашқы ширегін Алаш Ұлдарының көзқарасы, пайымы, әрекеті тұрғысынан, сол ракурстан оқытудың маңызды екенін ылғи айтамыз. Бүгінгі материал да сол ниеттен.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу