Қазақстан гендерлік даму деңгейі жоғары елдердің қатарында

06.12.2019

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанның гендерлік саясатын оң бағалап, әлемдегі гендерлік даму деңгейі жоғары елдердің қатарына қосқан. Бұл туралы бүгін Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында мәлім болды. Қазір өңірлерде Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы іске асырылуда. Бүгін Қарағанды облысындағы атқарылып жатқан шаруалар тыңдалды. Әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, мәселелеріне мән беру бойынша жүйелі жұмыстар істелген. Ұлттық комиссия алдағы жылы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде кешенді іс-шаралар атқаруды жоспарлап отыр.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу