Димаш Құдайберген «Виктория» жүлдесінде екі номинацияны жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Құдайберген «Виктория» жүлдесінде екі номинацияны жеңіп алды

06.12.2019
Димаш Құдайберген «Виктория» жүлдесінде екі номинацияны жеңіп алды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ресейлік «Виктория» музыка жүлдесінде екі номинация бойынша жеңіске жетті. 5 желтоқсанда Мәскеуде Кремль сарайындағы салтанатты шарада жеңімпаздардың есімі жазылған арнайы конверттер ашылды. Димаш «Жыл ашылуы», «Классикалық музыкадағы жылдың вокалисі» номинацияларын жеңіп алды.

«Виктория» - Ресейде жылдың үздігін кәсіпқойлар, музыканттар, орындаушылар, композиторлар, ақындар, продюсерлер, музыка сыншылары, журналистер таңдайтын алғашқы және жалғыз жүлде.

15 санат бойынша жеңімпаздардың есімдері 5 желтоқсан күні Мемлекеттік Кремль сарайында өтетін марапаттау рәсімінде жарияланады.

dimashnews.com

Хабарламаларға жазылу