Алматы облысының ауыл шаруашылығы саласында биыл өнімділік артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының ауыл шаруашылығы саласында биыл өнімділік артқан

05.12.2019

Алматы облысының ауыл шаруашылығы еңбеккерлері жыл басынан бері 720 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Биылғы құрғақшылыққа қарамастан шаруалар 1,4 миллион тонна дәнді дақыл жинап, гектарына 31 центнерден айналды. Талдықорғанда аграрлы өңір жылды қорытындылап, сала мамандарына құрмет көрсетті. Биыл өнімділік артқан. Диқандар мен бағбандардың, малшылар мен тауарөндірушілердің еселі еңбегі еленіп, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңір басшысының арнайы марапаттары берілді. Озат шаруашылықтарға ауыл шаруашылығы техникасы кілттері табысталып, ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкелеріне белсене қатысқан аудан басшылары қаржылай сертификаттарға ие болды.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу