Келесі жылы ауыл шаруашылығы мамандықтарына грант көп бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келесі жылы ауыл шаруашылығы мамандықтарына грант көп бөлінеді

05.12.2019

Алдағы жылы ауыл шаруашылығы мамандықтарына бөлінетін гранттардың саны көбейеді. Министрлік осындай ақпарат таратты. Бұл салада қазір кадр тапшылығы қатты сезіліп отыр. Ал жастар ауылдық жерлерге барғысы жоқ. Осыны ескере келе енді салаға қатысты мамандықтарға грантты білім және ғылым емес ауыл шаруашылығы министрлігі белгілейді. Ведомства өкілдерінің айтуы бойынша, жыл сайын ауылдық жерлердегі кадр тапшылығы зерттеліп, қажетті мамандықтарға гранттар көбірек қарастырылады. Бұл экономиканың жетекші драйвері саналатын саланы қарқынды дамытуға үлес қосады деген жоспар да бар.

Оңғар АЛПЫСБАЙ 


Хабарламаларға жазылу