«Бастау» кинофестивалінің екінші күні өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бастау» кинофестивалінің екінші күні өтіп жатыр

05.12.2019

Алматыда VIII халықаралық «Бастау» кинофестивалінің екінші күні өтіп жатыр. Байқаудың биылғы ұраны: «Жаңа буын киносы» деп аталады. Осыған орай фестиваль бағдарламасында тың өзгерістер бар. Енді мұнда тек қысқаметражды фильмдер емес, толық метражды картиналар да көрермен назарына ұсынылуда.

Дәстүрлі фестиваль биыл өзгеше басталды. Енді көрермендер байқау аясында қысқа және толық метражды фильмдерді көреді. Солардың бірі - Шарипа Оразбаева түсірген «Мәриям» кинолентасы. Көркем фильмнің желісі өмірден алынған. Жолдасынан көз жазып қалған Меруерт Әбішқызының басынан өткен оқиғасы әлемдік фестивальдерде көпті тәнті еткен. 

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТ   

Хабарламаларға жазылу