Ғылым қоры биыл жалпы құны 15 миллиард теңге болатын 150-ден астам жобаны қаржыландырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғылым қоры биыл жалпы құны 15 миллиард теңге болатын 150-ден астам жобаны қаржыландырған

04.12.2019

Ғылым мен бизнесті біріктіру арқылы қалай табыс табуға болады? Бүгін осы тақырыпқа қатысты арнайы форум өтті. Ғылым қоры биыл еліміз бойынша жалпы құны 15 млрд теңге болатын 150-ден астам жобаны қаржыландырған. Көрмеде, грант иегерлері өзінің іске асқан жобаларының нәтижесін көпшілік назарына ұсынды. Осыдан екі жыл бұрын грантқа ие болған жобалар, қазір табыс табуға кіріскен. Жалпы, бұл форум ғылым мен бизнес өкілдері үшін диалог алаңы болды. Бас қосу барысында «Болашақ стартап» атты жас ғалымдардың байқауы да өтті.

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Хабарламаларға жазылу