Облыс әкімдерінің орынбасарлары «Жанұя» орталығымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Облыс әкімдерінің орынбасарлары «Жанұя» орталығымен танысты

03.12.2019

Бүгін облыс әкімдерінің орынбасарлары Нұр-Сұлтандағы «Жанұя» орталығының тыныс тіршілігімен танысты. Отбасы институтын қолдауға арналған мұнда бүгінде 70-тен астам қызмет көрсетіледі. 

Ал, ашылғалы үш ай ішінде 6 мыңнан астам адам түрлі сұрақпен келген. Олардың дені көп балалы және аз қамтылған отбасылар. Әсіресе атаулы әлеуметтік көмекті алу, жәрдемақы тағайындау, баспана мәселелері бойынша жүгінген. Мамандар оларға заң тұрғысынан жол сілтеп, көмек көрсетеді. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отбасын қолдау орталықтарын өзге аймақтарға да салуды тапсырған болатын. «Жанұяның» жұмысымен танысқан өңір атқамінерлері бұл шаруа жақында іске асады дейді. 

Досжан МАРАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу