Қызылордада жол-көлік апатынан 8 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жол-көлік апатынан 8 адам көз жұмды

03.12.2019

Жолаушылар тасымалдайтын автобус көктайғақтың салдарынан жолдан шығып, аударылған. Өңірдегі тілшіміз дәл қазір тікелей байланысқа шығып тұр. Әділбек, қайғылы оқиға қайда болған? Сіз эфирдесіз...

Құмкөл кенішінен Шымкентке бағыт алған автобуста барлығы 36 адам болған. Олар вахталық әдіспен жұмыс істейтін «Саутс ойл» компаниясының жұмысшылары екені анықталды. Жол апаты Қызылорда қаласынан 70 шақырымдай жерде болған. Оқиға орнында 7 адам тілге келместен көз жұмған, ал бір жұмысшы ауруханаға барар жолда жан тапсырды. «Автобустың апатқа ұшырауына көктайғақ себеп болған», дейді құзырлы орган өкілдері.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу