Мемлекет басшысы Қырғыз республикасына мемлекеттік сапарын қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қырғыз республикасына мемлекеттік сапарын қорытындылады

01.12.2019

2015-2018 жылдары Қазақстан мен Қырғызстанның тауар айналымы 30 процентке артып, 900 миллион долларға жуықтады. Соның нәтижесінде еліміз Қырғызстанның жетекші сауда серіктесіне айналды және Ресей мен Қытайдан кейінгі үшінші орынды берік иеленіп отыр. Өз кезегінде Орталық Азия елдері ішінде Қырғызстан – Қазақстанның екінші сауда серіктесі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз республикасына мемлекеттік сапарын қорытындылаған баспасөз мәслихатында. 

Нұр-Сұлтан мен Бішкек тауар айналымын 1 миллиард долларға жеткізуді жоспарлайды. Кәсіпкерлер тікелей байланыс орната алатын алаң құру бастамасы талқыланып, үкіметтерге тұрақты түрде өңіраралық форум өткізу мәселесін қарау тапсырылды.   

Ал су және энергетика саласына келсек, Қазақстан Президенті Орталық Азиядағы трансшекаралық өзендердегі су ресурстары ортақ байлығымыз деп санайды, деп жазылған Ақ Орда сайтында. Бұрын да тоқталғанбыз – біздің Орталық Азияда суға талас бар. Тәжікстан мен Қырғызстан аймақтағы судың басында отыр. Ал судың төменгі жағындағы Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстанда құрғақшылық проблемасы тереңдеп барады. Қырғызстан мен Тәжікстан су электр станцияларының мүлтіксіз жұмыс істеуі үшін суды жазда жинап, қыста жібергісі келеді. Ал біздерге керісінше, су жазда керек. Өзара келісімнің күрделілігі өз алдына, мұндай текетіресті өз мүддесіне пайдаланатын үшінші, төртінші тараптар болатынын айту артық... 

Бұл өлкeдe пoйыздар шығыстан батысқа қарай, батыстан

шығысқа қарай жүйткіп жатады...

Бұл өлкeдe тeмір жoлдың қoс қапталынан басталып сахара сар

даланың кіндік тұсы – Сарыөзeктің ұлан-ғайыр жазығы көсіліп жатады.

Бұл өлкeдe қашықтық атаулы, уақыттың Гринвич мeридианы

бoйынша өлшeнгeніндeй, тeмір жoлдың алыс-жақындығына қарай

өлшeнeді.

Ал пoйыздар шығыстан батысқа қарай, батыстан шығысқа қарай

жүйткіп жатады...

Айтматовтың ғажап шығармаларының бірі – «Боранды бекеттен» үзінді. Негізі, қай шығармасынан үзінді аларымды білмей дал болдым. Жанпида, Қош бол, Гүлсары!, Ақ кеме... Расында ол адамзаттың Айтматовы! Президент жазушының музей-үйіне де барды. Ол туралы сәл кейін. Мемлекеттік сапары туралы Альбина Әшім.

Альбина ӘШІМ




Хабарламаларға жазылу