«Әлем барысы» халықаралық турнирін «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әлем барысы» халықаралық турнирін «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді

29.11.2019
«Әлем барысы» халықаралық турнирін «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді

2 желтоқсан күні Алматыда «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай қазақ күресінен түйе палуандар арасында «Әлем барысы» турнирі өтеді. Халықаралық палуандар жарысын «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді  

IV Әлем чемпионатына 30 елден келген 33 палуан қатысады. «Әлем барысы» атағы үшін АҚШ, Австралия, Әзірбайжан, Бразилия, Грекия, Грузия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Қырғызстан, Моңғолия, Нидерланды, Пәкістан, Польша, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Эстония, Жапония елдерінің және Қазақстанның атақты палуандары бақ сынайды.

Байрақты бәсекеде ел намысын Айбек Нұғымаров, Руслан Әбдіразақов, Мақсат Исағабылов және Нұрдаулет Жарылғапов қорғайды.

Чемпионаттың биылғы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. Жеңімпаз атанған палуан 10 млн теңге және алтын белбеу, екінші орын иегері 6 млн теңге, күміс белбеу, үшінші орын иегері 3 млн теңге, күміс белбеумен марапатталады. Ал, «Жеңіске деген жігері үшін» аталымы бойынша 1 млн теңге табысталады. 

«Qazaqstan» және «Qazsport» арналары жарысты сағат 13:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, www.qazaqstan.tv, www.qazsporttv.kz ресми сайттары мен «QAZAQSTAN TV» мобильді қосымшасы арқылы онлайн көру мүмкіндігі бар.  

Хабарламаларға жазылу