Қызылордада «Әлем таныған тұлға» атты кітап көрмесі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада «Әлем таныған тұлға» атты кітап көрмесі өтуде

29.11.2019

Тұңғыш Президент күніне арналған шарада Елбасының өмір жолы мен мемлекетті қалыптастырудағы ерен еңбегі кеңінен әспеттелді. 

Кітап көрмесі бірнеше бөлімнен құралған. «Ұшқан ұя ұлағаты» деп аталатын сөреде оқырмандар Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы мен өскен ортасы туралы деректермен танысты. Сонымен қатар, «Дәуірдің дара тұлғасы», «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты бөлімдерде Ұлт көшбасшысына арналған отандық және шетелдік авторлардың жазбалары қойылған. Жалпы облыстық кітапхана қорында Тұңғыш Президент туралы 125 аталым бойынша 900 дана әдебиет бар. Көрмені тамашалауға келгендер, әсіресе, жергілікті публицист, жазушы Айтбай Сәулебектің «Құрыш тұлға» кітабы мен «Көш бастаған Елбасы» атты фотоальбомдар жинағына қызығушылық танытты. 

Әділбек СЕРІКҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу