«Жаңа Алматы» жобасы көп мәселені шешеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жаңа Алматы» жобасы көп мәселені шешеді

29.11.2019

«Doing business» субұлттық рейтингі бойынша Алматы - бизнеске өте қолайлы қала. Мегаполис халқының үштен бірі кәсіпкерлікпен айналысады. Инвесторлар есебінен 58 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты. Ал 2050 жылы Алматы шегі жоқ мегаполис болады. Қаланың аглемерациясын дамыту үшін жүзеге асырылатын «Үлкен Алматы», «Алматы-2050», «Жаңа Алматы» жобалары ауқымды. Бұл кешенді жоспарлар өңірдегі күрмеулі мәселелердің түйінін тарқатады. 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу