Жас тарихшылар бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас тарихшылар бас қосты

29.11.2019

Алматыда «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында тарихшы жас ғалымдарға арналған халықаралық жиын өтті. 

Дәстүрлі шараға биыл Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Татарстан елдерінің ғалымдарымен қатар, еліміздің жас ғалымдар кеңесінің мүшелері қатысты. Ауқымды басқосуға келгендер қазіргі ғылымдағы өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасты. Сонымен бірге, жастар жылына орай, шетелдік жас тарихшылар өзара тығыз қарым-қатынас орнатып, болашақта бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТ    

Хабарламаларға жазылу