Ғаламторда жаңа туған нәрестені сатылымға қойған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғаламторда жаңа туған нәрестені сатылымға қойған

28.11.2019
Ғаламторда жаңа туған нәрестені сатылымға қойған

АҚШ-тың Флорида штатының Майами-Дейд аймақтық полициясы Craiglist сайтындағы хабарламаның авторын іздеуде. Бұл туралы the Sun басылымы хабарлайды. 

«Жаңа туған нәресте 500 долларға сатылады. Бала 2 апталық. Түнде жыламайды, ұйықтайды. Ұнтақ сүті мен киімі бірге. 4 жасар әпкесі тегін беріледі» деп жазылған 22 қарашада жарияланған хабарламада. Мақалада автордың бала өсіргісі келмейтіні көрсетілген. 

Хабарландыру өшірілген. Полиция ақпараттың растығын тексеріп жатыр. Құқық қорғау қызметкерлері күдікті әйелді тергеуге алған, бірақ ол хабарламаға қатысы жоқ болып шықты.

Қылмысты ашу үшін АҚШ полиция компьютерлерді тексереді. Болжамға сәйкес, хабарлама авторы Бала және отбасы департаментінде жұмыс жасайтын, ауқаттылар ауданында тұратын әйел болуы мүмкін.

Бұған дейін Қытайдың Фуцзянь провинциясының тұрғыны да баланы интернетте саудалаған еді. Ол әйелі жоғалып кеткеннен кейін баланы жалғыз тәрбиелеуге тура келгенін айтқан. Ақша жетпеген соң, нәрестеден құтылмақ болған. 

Lenta.ru

Хабарламаларға жазылу