Қазақстан мен Қырғызстан тауар айналымын бір миллиард долларға жеткізуді көздеп отыр

27.11.2019

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте мәлімдеді. Бүгін қазақ басшысының қырғыз жеріне екі күндік мемлекеттік сапары басталды. Алғашқы күні Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен екіжақты кездесу өткізіп, Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына да қатысты. Бұдан соң екі ел президенттері бірлескен мәлімдемеге қол қойып, журналистер алдында сөз сөйледі.

Алдымен президенттер «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне барды. Онда олар жазушы Шыңғыс Айтматовтың ескерткіші мен қуғын-сүргін құрбандарының монументіне гүл шоқтарын қойды.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу