70 бала вакцинадан ауруға шалдыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

70 бала вакцинадан ауруға шалдыққан

28.11.2019

Соңғы бір жарым жылда Қазақстанда 370 мың балаға екпе салынып, оның 70-де вакцинаның жанама салдары пайда болған. Балалардың ауруы асқынғанымен, олардың арасында сал болып қалғандар немесе қайтыс болғандар жоқ. Бұл туралы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының өкілдері айтты.

Олардың сөзінше, елімізде екпенің 20 түрі салынады және олар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тексерісінен өткен. Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын вакцина сатып алуға 28 миллиард теңге жұмсайды. Мамандар нарықтағы екпеден қандай да бір жанама әсер туындаса, фармакобақылау сараптама жүргізетінін айтады.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу