«Отандастар қоры» кеңесінде қандастар мәселелері көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Отандастар қоры» кеңесінде қандастар мәселелері көтерілді

27.11.2019

Отанынан жырақта жүрген қандастарымызды мәдени-рухани тұрғыдан ғана емес құқықтық заңнамалық тұрғыдан да қолдауымыз қажет. «Отандастар қоры» жанынан құрылған ғылыми-сараптамалық кеңесте осы мәселе талқыға түсті. Қазір елімізде қандастарымызды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарлама әзірленіп жатыр. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға 1,5 млн этникалық қазақ келген. Бірақ соңғы екі жылдағы көрсеткіш айтарлықтай төмен. Қазір елге оралған бауырларымыз үш мемлекеттік органға жүгінеді. Алайда әлемдік тәжірибе диаспора саясатымен айналысатын бірыңғай өкілеттік орган қажет. Заң жобасы негізінде шетелден келген бауырларымызға бір терезе қағидаты бойынша қызмет көрсетілмек.

Ғабит БӨКЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу