Нұр-Сұлтанда халықаралық парлементтік конференция басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда халықаралық парлементтік конференция басталды

27.11.2019

Тақырып өзегі – «Президенттік институт: Қазақстандық модель». Жиын жылда жаңаша форматта ұйымдастырылады. Биыл Тәуелсіз Қазақстан туралы халықаралық деңгейде диалог болды. 

Келер жылы сәуірде Президенттік басқару институтының енгізілгеніне 30 жыл толады. Бұл жүйе жемісті болғанына бүгінде шүбә жоқ. Өткенге үңілсек елең-алаң кезеңде ішкі жалпы өнім 61 пайызға құлдырап, өнеркәсіп көрсеткіші 28 пайызға түсті. 200-дің үстінде ірі кәсіпорын тұралады. Ауыртпалығын халық көтерді. Елде 2 млн-нан астам адам жұмыссыз қалып, зейнетақы, жәрдемақы төлеу кешіктірілді. Осыдан кейін Жоғары кеңес пен Президент алдындағы екі жақты жауапкершіліктің тек бірін қалдыруға тура келді. Қабылданған шешімнің оң болғанын бір ғана көрсеткіштен байқауға болды. 1993 жылы ішкі жалпы өнім 11 млрд теңге болса, биыл 180 млрдқа жетті.  

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу