ЕЭО мен Нидерланд іскерлікті арттырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕЭО мен Нидерланд іскерлікті арттырмақ

27.11.2019

Қос тарап өкілдері Амстердамда өткен жиында өзара қарым-қатынасты күшейту жайын талқылады. Қазақстан, Ресей, Беларусь, Арменияның қолдауымен өткен шараға Нидерландтың 60-тан астам кәсіпкерлері қатысты. Нидерланд - Еуразиялық экономикалық одақтың маңызды серіктесі. Былтыр өзара сауда айналымы 20 пайызға өсіп, 55,6 млрд. долларды құрады. Корольдіктің қалталылары 180 млн тұтынушыны қамтып отырған Одақтың нарығына шығуға ынталы. Сондай-ақ, тараптар ауылшаруашылығы, су ресурстарын басқару, ветеринарлық бақылау мен мал ауруларының алдын-алуға қатысты өзара тәжірибе алмасып, ынтымақты нығайтпақ. 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу