Дәнді дақылдарды зерттеуге қаржы бөлінбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәнді дақылдарды зерттеуге қаржы бөлінбек

27.11.2019

Дәнді дақылдарды зерттеп, оның жаңа түрін өндіріске енгізу үшін ғалымдарға қаржылай қолдау көрсетіледі. «Қазагро» холдингі мен Ұлттық ғылыми-білім беру орталығы өзара меморандумға қол қойды. Аталған құжат аграрлық ғылымды дамытуға мүмкіндік бермек. Президент Қасым Жомарт Тоқаев аграрлық саланы дамытуды тапсырған еді. Өйткені, ғалымдар түрлі ауыл шаруашылығы тұқымдарын ойлап тапқанымен, оны коммерциялап, өндіріске енгізу қиын екенін айтқан. Мәселен өткен жылдары елімізде дәнді дақылдардың 173 сұрпы пайда болған. Сондықтан оны көптеп өсіріп, экспортты арттыру үшін зерттеу институттары мен шаруалардың жұмысын интеграциялау қажет. Бұған жауаптылар істі бірдіндеп іске асырамыз деп отыр.

Досжан МАРАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу