15 минутта 4 гол: «Бавария» форварды рекорд орнатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

15 минутта 4 гол: «Бавария» форварды рекорд орнатты

27.11.2019
15 минутта 4 гол: «Бавария» форварды рекорд орнатты

«Баварияның» үздік шабуылшысы Роберт Левандовский Сербияның «Црвена Звезда» командасына қарсы ойында тамаша нәтиже көрсетті. Ол 15 минуттың ішінде 4 гол соғып, Чемпиондар лигасының рекордын орнатты. Бұған дейін бұл турнирде ешкім осыншалықты қысқа уақыт ішінде көп гол соқпаған еді. 

Енді Левандовский 10 голмен турнирде сұрмергендер көшін бастап келеді. Жалпы, ол бұл маусымда Месси мен Роналдуға қарағанда көбірек допты қақпаға дәл бағыттаған. Шабуылшы 30 матчта 33 гол соғып үлгерді. Бундеслигада - 16, Чемпиондар лигасында - 10, Польша құрамында - 6, Германия Кубогында 1 гол салды.

Айта кетейік, кеше түнде «Бавария» Сербияның «Црвена Звезда» командасын 0:6 есебімен жеңді. 

Хабарламаларға жазылу