Қарағандыдағы Қайрақты ауылын жыл сайын су басады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыдағы Қайрақты ауылын жыл сайын су басады

26.11.2019

Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Қайрақты ауылын жыл сайын су басады. Өйткені, екпіні қатты Шерубай-Нұра өзенінің дәл елді мекен маңындағы арнасын құм басып қалған. Соның кесірінен жыл сайын тасқыннан төнген қауіп күшейіп барады. Сол себепті тұрғындар өзен арнасын тазалап беруді сұрайды. 

Бұл мәселе жөнінде облыстық әкімдік пен ТЖД де хабардар. Қос тарап аудан басшыларына проблеманы жою жөнінде хаттама жіберген. Соның негізінде жергілікті билік автобан құрылысына қатысушы компаниялардың бірімен өзен арнасын тазарту бойынша келісімшарт жасасқан. 

Қазір ауыл маңында жал болып үйілген құмдар ғана қалды. Арна тазаланған соң көпірдің суағарларын да кеңейтеміз деген жоспарлы жұмыстың нақты қашан жүзеге асатыны белгісіз.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу