Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Мемлекеттік Кеңес Төрағасы Фарид Мухаметшин кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Мемлекеттік Кеңес Төрағасы Фарид Мухаметшин кездесті

26.11.2019

Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Татарстан Мемлекеттік Кеңесінің депутаттары өзара ынтымақтастықты нығайтпақ. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Мемлекеттік Кеңес Төрағасы Фарид Мухаметшиннің кездесуі барысында осындай келіссөзге қол жеткізілді. Нұрлан Нығматулин Елбасы және Қазақстан Президенті Ресеймен стратегиялық әріптестікті дамытуға айрықша көңіл бөлетінін атап өтті. Өз кезегінде Фарид Мухаметшин тәуелсіз әрі табысты мемлекет құрудағы елдеріміз басшыларының ерен еңбектерін алға тарта келіп, Қазақстанның үлгі тұтарлық тұстары көп екенін айтты. Тараптар қажетті заңнамалық база қалыптастыру Қазақстан мен Ресей мүддесі жолындағы ортақ мақсаттарды жүзеге асыру ықпал ететініне сенім білдірді. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу