Мейрамханада қонған 2 жасөспірім қайтыс болды

25.11.2019

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында 2 жасөспірім газдан уланып, жан тәсілім етті. Тағы бір бала аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Қаладағы мейрамханалардың бірінің жылыту қазандығы орналасқан бөлмеде түнеп шыққан олар таңертең оянбай қалған. Алайда мейрамхана қожайындары газдан уланды деген ақпаратты жоққа шығарып отыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу басталды. Маңғыстаудан Аягөз Оралбайқызы баяндайды.

Хабарламаларға жазылу