Биыл Нұр-Сұлтанда 155 адам ЖИТС жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Нұр-Сұлтанда 155 адам ЖИТС жұқтырған

25.11.2019

Нұр-Сұлтан қаласында жыл басынан бері 155 адам ЖИТС жұқтырған. Олардың барлығы тіркеуге алынып, емдеу шаралары жүргізіліп жатыр.

5 қараша мен 5 желтоқсан аралығы әлем бойынша осы ЖИТС-ке қарсы күрес айлығы саналады. Науқан аясында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша түрлі шаралар өткізіліп, халық аурудың белгілері мен одан сақтану жолынан құлағдар болды. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу