Грекиядағы ірі мигранттар лагері жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекиядағы ірі мигранттар лагері жабылады

22.11.2019

Грекия үкіметі заңсыз мигранттар санының шектен тыс артуына байланысты бірқатар төтенше шара қабылдады. Осылайша 2020 жылдың басында Лесбос, Хиос және Самос аралдарында 3 ірі мигранттар лагерін жабу жоспарланып отыр. Олардың орнына жабық уақытша орталықтар ашылмақ. Сол жерден босқындардың бірқатары еліне қайтарылып, рұқсат берілгендері құрлыққа жөнелтіледі. 

Сонымен қатар жағалау күзеті де күшейтілмек. Биліктің айтуынша, бұл заңсыз мигранттар санын шектеуге көмектесуі тиіс. Биыл Еуропаға ағылған 56 мың мигранттың жартысынан көбі грек араларды арқылы өткен.

Соның салдарынан 3 мың кісіге арналған лагерлерде адам саны 2-3 есе артып, бұл көрсеткіш күн сайын ұлғаюда. Сондықтан шатырлардың санитариялық жағдайы сын көтермей, қылмыс та көбейіп барады.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу