Ел газеті «Egemen Qazaqstan» газетіне 100 жыл. Алаш арыстарының тағылымымен үндескен аға басылым алғаш 1919 жылы Орынбор қаласында жарық көрген еді. Замана үніне айналған газет бүгінде қазақ руханиятының іздеушісі ретінде мемлекеттіктің тамырын тереңдетуге барынша үлес қосып келеді. Бүгінгі өткен басылымның 100 жылдық жылнамасын қорытындылауға ұлт зиялылары, министрлер мен депутаттар, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен тілшілер қауымы жиналды.
Саламат Омаш