Жалған ақпарат таратқандар моральдық шығын өтейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалған ақпарат таратқандар моральдық шығын өтейді

19.11.2019

«Жалған ақпарат таратты»,-деп азаматтық белсенділерді сотқа берген «Nur Otan» партиясының талабы қанағаттандырылды. Алматылық Санавар Закирова, Марат Тұрымбетов және Әлнұр Ильяшевтің «Наше право» партиясын құруға «Nur Otan» саяси ұйымы кедергі келтірді»,-деген айыптауы әлеуметтік желілерде кеңінен тараған. Тіпті, медиа порталдарға да жарияланып кеткен. Осы оқиғаларға байланысты «Nur Otan» партиясы мен қоғамдық бірлестіктің 4 мүшесі сотқа шағымданған болатын. Сот 2 айға жуық созылып, соңында белсенділерді кінәлі деп таныды. Соттың шешімімен оларға әлеуметтік желілерге партияны кінәлағанын теріске шығарған жазба жариялау міндеттелді. Сондай-ақ олар «Nur Otan» партиясының 4 мүшесіне моральдық шығын ретінде 1,5 миллион теңгеден өтеуі тиіс.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу