«Қазбат» телехикаясы Ұлттық арнадан 2020 жылы көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазбат» телехикаясы Ұлттық арнадан 2020 жылы көрсетіледі

19.11.2019

Алматыда 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында қан төккен қазақ сарбаздарының өмірі бейнеленген «Қазбат» фильмінің көрсетілімі болды.

Телехикаядағы басты образдарды сомдауға еліміздегі кәсіби актерлер таңдалған. Кинода негізінен әскери ұрыстар суреттелген. Сондықтан актерлер түсірілім алдында арнайы даярлықтан өткен. 

Ішкі істер министрлігі мен ҚР Ұлттық Ұланының қолдауымен түсірілген туындыға 100-ден аса әскери техника мен қару-жарақ пайдаланылып, 500-ге жуық сарбаз жұмылдырылған. 

Ал ұлттық патриоттық сезімді оятуға арналған фильмнің 10 бөлімнен тұратын телехикаялық нұсқасы 2020 жылы «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының эфирінен көрсетіледі. 

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу