Павлодарда 13 көшеге ұлы тұлғалардың есімдері беріледі

18.11.2019

Павлодар қаласындағы ұлтымызға, тіпті, түркі әлеміне еш қатысы жоқ 13 көшенің аты өзгереді. Бүгін осы мәселеге байланысты қалалық ономастика комиссиясы қоғамдық тыңдау өткізді. Короленко, Димитров, Карл Маркс, Киров, Крупская, Пахомов сынды көшелерге қазақтан шыққан ғұлама ғалымдар, билер, жыраулардың есімдері берілуін шаһар тұрғындары да, депутаттар да бірауыздан қолдады. Дерекке қарағанда Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 25 жыл ішінде Павлодарда 25 көшенің атауы ғана өзгертілген екен. Қарт Ертістің жағалауындағы қала көшелеріне әзірге бірде-бір ханның есімі берілген жоқ. Уақ Баян батыр мен бәсентиін Малайсарыдан басқа атақты батырлардың да аты аталмай тұр.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу