Мемқызметкерлер пара ретінде балық, малдың көңін алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемқызметкерлер пара ретінде балық, малдың көңін алған

18.11.2019

Жемқорлар пара алудың сан түрлі жолын меңгерген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары осындай бірқатар фактіні жария етті. Мәселен, біреулер параны балық күйінде алған. Оқиға Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. Аталған іс бойынша Үржар ауданы полиция бөлімінің бастығына 450 мың теңге айыппұл салынды. 

Ал Алматыда Ақсай ауылдық округінің әкімі параны тыңайтқыштармен алған. Ол үй салуға жер учаскесін берген адамнан сомасы 200 мың теңгеден асатын көң төгіп беруін талап еткен. Әкім осы қылығы үшін 6 миллион теңге айыппұл төлеген.

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу