Көлік салығын төлеу мерзімі өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көлік салығын төлеу мерзімі өзгереді

18.11.2019

Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі өзгереді. Енді көлігіңіз үшін салықты жылдың аяғына дейін төлеу міндетті емес. Бұл талап келер жылдан бастап жойылады. Яғни, 31 желтоқсанға дейінгі шарт 1 сәуірге дейін ұзартылмақ. 

Бұл алдымен ауылдық жерлердегі атқарушы биліктің салықтан түскен табысты сол жылы игере алуына мүмкіндік бермек. Ал салықтық рақымшылықты 507 мыңнан астам адам пайдаланған. Олар 12 млрд теңге көлемінде негізгі борыштарын өтеді.

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу