Ақмола облысындағы ең өзекті 7 мәселе - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысындағы ең өзекті 7 мәселе

17.11.2019

Ақорда баспасөз қызметінің Twitter-дегі парақшасында Президент Қ.Тоқаевтың аграрлық, өнеркәсіптік әлеует, туризм, сонымен бірге әлеуметтік саладағы түйткілдер талқыланған Көкшетау сапарынан оның көптеген сөзін келтірген.

Басты астық өңірлерінің бірі бола тұра Көкшетауда ұн бағасы шарықтау шегіне жеткен – 47 пайызға жетеқабыл. Осылайша, елдің табысын арттыру бойынша біздің барлық әрекетіміз жоққа шығарылып жатыр. Бағаның қалыптасуы жеткілікті бақыланбайды деген сөз.

Туристер ағылып келмейтін маңызды факторлар бар. Қалай қызмет көрсету туралы айтуға болады, егер біз аса қажет нәрсенің бірі - жол бойындағы әжетханаларды ретке келтіре алмай отырсақ?! Масқара екені мың сан айтылған мәселе.

Ауылдық елді мекендерде тұрғындар мал жаятын жер таппай қиналуда. Үкімет берілген жерлерді бақылауға алып, жеке азаматтар мал жаюға мүмкіндік алу үшін қажетті нормативті ұстануы керек.

Сұлу табиғаты бар Ақмола облысында туризмнен түсетін түсім 1 пайызға дейін жетпейді екен – 0,5 пайыз. 



Армангүл ТОҚТАМҰРАТ 


Хабарламаларға жазылу