Елімізде дүниеге келіп жатқан сәбилердің оннан бірі шала туады

15.11.2019

Елімізде дүниеге келіп жатқан сәбилердің оннан бірі шала туады. Ағзасы жетілмей жарыққа шықса да, олардың дені көп кедергіні жеңіп, адам болып кетеді. Себебі медицинаның мүмкіндігі мол. Бүгін Республикалық диагностикалық орталықтың Педиатрия департаменті ашық есік күнін өткізді. Күні бойы шала туған сәбиден бастап 18-дегі жасөспірімдер дәрігерлерден кеңес алды.

Орталыққа бүгін 100-ден астам бала келіп қаралды. Олардың көбі — шала туғандар.

Шала туған болсын, қалыпты жағдайда өмірге келген бала болсын ерекше қамқорлықты қажет етеді. Бала денсаулығындағы кінәрат неғұрлым тез анықталса, жазылу мүмкіндігі соғұрлым жоғары.

Бүгінгі шара нәтижесінде терең тексеруді және емдеуді қажет ететін балалар арнайы есепке алынды. Олар алдағы уақытта осы орталыққа келіп, тұрақты кеңес алып, ем алады.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу