Гонконгтағы билікке қарсы қақтығыста тағы 1 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гонконгтағы билікке қарсы қақтығыста тағы 1 адам қаза тапты

15.11.2019

Гонконгта билікке қарсы қақтығыстардан тағы бір адам қаза тапты. Тәртіпсіздіктер барысында оның басына кірпіш тиіп, алған жарақатынан ауруханада көз жұмған. Қазір 70 жастағы көше тазалаушысының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. 

Қаладағы жаппай тәртіпсіздіктер осымен бесінші күн қатарынан жалғасуда. Демонстранттар жолдарды кірпіштермен бөгеп, ғимараттарды бүлдіріп, қолдан жасалған қарумен шабуылдауға көшкен. Сондықтан полицейлер оларға көз жасаурататын газ бен бұрыш шашып, күш қолдануға мәжбүр. Дегенмен, бұған тіпті ашуланған халық шерулерді бәрібір тоқтатпайтынын ескертіп отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу