Семейде жолақы электронды түрде төленетін болады

15.11.2019

Семейде қоғамдық көлікте жүру ақысы электронды болады. Мұндай жүйе 3 желтоқсаннан бастап енгізілмек. 

Әзірге қаладағы бір бағыттағы автобустарда картамен есеп айырысу тестілік режимде жүруде. Қоғамдық көліктерде жол ақысын карта немесе мобильді қосымша арқылы төлеуге болады. Осыған дейін түрлі санаттағы жолаушыларға жасалып келген жеңілдіктер түгелдей сақталады. Қазір автобус кондукторлары жаңа жүйені қолдану үшін арнайы курстардан өтіп жатыр. 

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу