Оралдағы мектеп директорларына айыппұл салынған жоқ

15.11.2019

Оралда бір сыныпта 25-тен артық бала оқитын мектептерде қосымша кабинеттер ашылады. Бұл мәселе келесі тоқсанда немесе жаңа оқу жылына дейін шешіледі. Бұған дейін қаладағы 16 мектепте санитарлық ереженің өрескел бұзылғаны жайлы хабарлаған едік. Бұл білім ошақтарында бір сыныпта 32 балаға дейін оқитыны анықталды. Ал ереже бойынша оқушы саны 25-тен аспауы керек. 

Қалалық 38 мектеп тексеріліп, 16 мектеп директорына ұйғарым берілді. Басшылар бұл мәселені 6 айдың ішінде шешеміз деп отыр. Ешкім айыппұл төлемейді. 

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу