Жеке тұлғалардың карта арқылы жасаған төлем аударымдары бақылауға алынбайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеке тұлғалардың карта арқылы жасаған төлем аударымдары бақылауға алынбайды

14.11.2019

Жеке тұлғалардың төлем аударымдары бақылауға алынбайды. Салық та салынбайды. Бұл туралы бүгін Қаржы министрлігінің мамандары хабарлап отыр. Халық арасында тараған жансақ пікірге министрлік осылайша нүкте қойды. Мамандардың сөзінше, қарапайым халық емес, кәсіпкерлік мақсатта ақша аударымын жасайтын бизнес өкілдері мемлекетке фискальді түбіртек тапсырып отыруы тиіс және олардың кіріс-шығысын есептеп, салықты автоматты түрде жөнелтуге болатын функцияны қосу мәселелері қазір пысықталып жатыр. Сондықтан Қаржы министрлігінің өкілдері алып-қашпа әңгімеге бола алаңдауға негіз жоқ деп отыр.   

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу