Түркия президенті Дональд Трамппен кездеспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия президенті Дональд Трамппен кездеспек

13.11.2019

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Вашингтонға барды. Ол бүгін америкалық әріптесімен кездесуі керек. Осыған дейін Дональд Трамп Түрік Республикасының лидерін «дос» деп атаған еді.

Бірақ екі мемлекеттің қатынастары соңғы кездері шиеленісіп тұр. Оған Түркияның Сирияның солтүстігіне әскер кіргізіп, Американың одақтастары – күрдтерді ығыстыруы, Ресейден С-400 зымыран кешенін сатып алуы себепші. Осы әрекеттері үшін Вашингтон Анкараға санкция жариялайтынын ескертті. Алайда, Трамп Түркияны әлі жазалай қойған жоқ.

Дегенмен, жексенбі күні Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Роберт Брайан мәлімдегендей, Ердоған үкіметіне төнген санкция қаупі жүзеге асуы әбден мүмкін.

Арсытан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу