Непалда Қытайға қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Непалда Қытайға қарсы шеру өтті

13.11.2019

Непалдың Саптари қаласында Қытайға қарсы шеру өтті. Оған ондаған адам жиналып, «Кері қайт, жерімізді қайтар!» деп ұрандатты. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, наразы жұрт президент Си Цзиньпиннің портретін өртеп, Қытай экспансиясына жол бермейтіндерін ескерткен.

Демонстранттардың айтуынша, Непалдың төрт ауданында жүздеген гектар жер Тибетке салынып жатқан жолдың ар жағында қалып, Қытайға өтіп кетейін деп отыр.

Айта кетсек, Қытай президенті қазанда бұл мемлекетке 22 жылдан бері алғаш рет барды. Сол сапарда Си Цзиньпин жергілікті басшылармен Тибетке теміржол мен туннель салу туралы келісімге қол қойған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу