Ауған әйелдері Қазақстанда білім алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауған әйелдері Қазақстанда білім алады

13.11.2019

Ауғанстанның 50 қыз-келіншегі Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары оқу орындарында білім алады. БҰҰ Даму бағдарламасы жүзеге асыратын жобаға Еуропалық Одақ 2 млн еуро бөлді. 

Еуроодақ өкілдері жобаны Брюссельде ресми түрде көпшілікке таныстырды. Қазақстан тарапынан шараға еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко қатысты.

БҰҰ-ның мәлімдеуінше, бүгінде ауған әйелдерінің 11 пайызы ғана орта білім алып, олардың тек 19,5 пайызы жұмыспен қамтылған. Тараптар Қазақстан мен Өзбекстанда білім алған қыз-келіншектер гендерлік теңдіктің сақталуына ықпал етіп, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге күш салады деген сенімде. 

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу